Западно-казахстанская область, Чингирлауский район  Тел.: 8 707 000 0000

Талапкерге

Талапкерлер оқу орнының қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттар бойынша өтініш білдіреді:

  1. қабылдау туралы өтініш;
  2. жалпы орта білім, негізгі орта білімі туралы құжатының түпнұсқасы;
  3. 3х4 көлеміндегі сурет 6 дана;
  4. №086-У, №063 медициналық анықтама флюрография суретімен;
  5. тұрғылықты жерден анықтама қоса өткізеді.

Кәсіптік бағдар берудің міндеттері:

  • білім беру қызметтерінің нарығын бақылау және оқытудың жаңа бағыттары бойынша ұсыныстарды зерделеу;
  • студенттерге кәсіптік бағдар беру үшін орта мектептермен ынтымақтастық;колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерін кәсіптік бағдарлау жұмыстарына үйлестіру;
  • базалық және орта білім негізінде мектеп түлектерінің контингентін бақылау;
  • мектептері түлектерінің саны туралы ақпаратты талдау;
  • колледждің беделін арттыратын және талапкерлерді тартатын жарнамалық іс-шаралар.
  • талапкерлерді сапалы іріктеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • колледжге қабылданған талапкерлер туралы құжаттарды дайындау;
  • кәсіби бағдарлау бойынша жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және қарау;
  • жұмыс тәжірибесіне кәсіптік бағдар берудің жаңа, тиімді әдістерін енгізу.

Колледждің кәсіптік бағдар беру жұмыстары:

  • Кәсіптік бағдар беру жұмысын реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту.
  • Мектеп бітірушілердің қызығушылығына Мониторинг жүргізу және оқушылардың кәсіптік білім алу ниетін анықтау.
  • Жалпы білім беретін оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту.
  • Колледж сайтына кәсіптік бағдар беру жұмысы мәселелері бойынша (қабылдау және қабылдау ережелері, жұмысқа орналастыру) кері байланысты ұйымдастыра отырып ақпарат беру: сұрақ-жауап
  • Баспа бұқаралық ақпарат құралдарында колледж жұмысы туралы мақалаларды орналастыру.
  • Колледж базасында өткізілетін іс-шараларға қатысатын ұйымдар өкілдерін жарнамалық материалдармен қамтамасыз ету (спорттық іс-шаралар, семинарлар, конференциялар және т. б.).
  • "Ашық есік күні" кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізу, "кәсіби шеберлікконкурстарына" шақыру, мектеп оқушыларымен және олардыңата-аналарымен болашақ мамандық пен оқу орнын таңдау тақырыбына кездесулер өткізу. Құжаттарды қабылдау және рәсімдеу оқуға қабылдау ережесінің талаптарына сәйкес 20 маусымнан 20 тамызға дейін күндізгі оқу нысанына жүзеге асырылады. Оқуға түсушілердің өтініштері колледждің тіркеу журналында тіркеледі, қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдау кезінде білікті кеңестер қабылдау кезіндегі құжаттар тізбеге сай түгенделеді.

Қабылдау емтихандары мамандықтар бойынша әңгімелесу нысанында өткізіледі.

Қабылданған талапкерлердің берген өтініштер саны

 

№ р/с

Көрсеткіштер

2015-2016

2016-2017

2017-2018

2018-2019

2019-2020

 

Өтініштер саны

79

90

110

125

75

 

Шыңғырлау колледжінің өндірістік жоспарына сай жыл сайын аудан мектептерінде кәсіптік бағдар жұмыстарын: мектеп оқушылары мен ата-аналармен студенттерден құралған агитбригадамен барып кездесулер, колледжде ашық есік күндерін өткізіп, мектепте өтетін мамандық таңдау жөніндегі шараларға қатысып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда соңғы кезде жастардың көптеп қала колледжілеріне кетулеріне байланысты қабылдау жоспарын орындай алмай келеміз. Кейбір жастардың әлеуметтік жағдайларына байланысты қалада оқи алмай, біздің колледжге ІІ-ІІІ курстарға ауысып келіп жатқан жағдайлары бар.

Жаңа оқу жылына қабылданған студенттерге контингенттің жеке құрамы бойынша бұйрықтар кітабына қабылдау бұйрығы шығарылып, атаулы кітапқа тіркеледі.

 

Мемлекеттік тапсырыс және ақылы негізде түскен білім алушылар саны

 

№ р/с

Көрсеткіштер

2015-2016

2016-2017

2017-2018

2018-2019

2019-2020

Мемллекет тапсырыс

Нәтижелі топтар

Мемллекет тапсырыс

Нәтижелі топтар

Мемллекет тапсырыс

Нәтижелі топтар

Мемллекет тапсырыс

Нәтижелі топтар

Мемллекет тапсырыс

Нәтижелі топтар

Мемллекет тапсырыс

Нәтижелі топтар

 

Қабылданған білім алушылар саны

79

-

90

-

90

20

105

20

50

25

 

Жалпы

79

90

110

125

75

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген осы бағдарламаны іске асыруға белсенді қатысады.

Барлық мамандықтар білім алушыларға бірегей қағидалар үлгілерін көрсету: қабылдау, білім беру, білімді бағалау, курстан курсқа көшіру. Білім алушыны курстан –курсқа көшіру, қайта қабылдау, «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларының ережелері» туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына сәйкес, Шыңғырлау колледжі директорының бұйрығымен рәсімделеді. Білім алушыны курстан –курсқа көшіру жазғы сынақ-емтихан сессиясының, қол жеткізген ауысу балдарының нәтижелері қорытындысымен анықталады. Сынақ емтихан сессиясынан кейінгі екі апталық демалыс кезінде білім алушылар қатарынан шығарылған білім алушыларды қайта қабылдау және басқа оқу орындарынан ауысып келетін білім алушыларды қабылдау, басқа оқу орнына ауысып кететін білім алушыларды ауыстыру сұраныс хаты және директордың рұқсатымен рәсімделеді.

Біліктілік деңгейін көрсете отырып диплом беру туралы шешім арнайы пәндер бойынша қорытындыемтихандар және дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері негізінде қабылданады.

Біліктілік емтихандарын мемлекеттік қорытынды аттестатция комиссиясы өткізеді, оның құрамына білім беру ұйымдарының,жұмыс берушілердің өкілдері қатысады.

FaLang translation system by Faboba