Западно-казахстанская область, Чингирлауский район  Тел.: 8 707 000 0000

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ, МИССИЯСЫ.

Білім беру ұйымының даму стратегиясы мен мақсаттары, миссиясы, атап айтқанда ТжКБ жүйесініңде білім беру саласының ұлттық саясатын көрсетеді.

  • Шыңғырлау колледжінің миссиясы:Еңбек нарығындағы қажеттіліктерге жауап беретін, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлау. Білім мазмұнының жаңаруы негізінде әлемдік білім кеңестігіне қол жеткізу, ұлттық құндылықтарды игерген, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

Шыңғырлауколледжінің миссиясы, стратегиясы, саясатының негізгі басымдығы білім беру процесінің инновациялық сипаты мен білім алушыларға ұсынылатын білім беру бағдарламаларының маңызды принциптерін пайдаланып, мамандарды даярлаудың сапасын арттыру болып табылады. Шыңғырлауколледжінің миссиясы кезектен тысПедагогикалық кеңестіңшешімімен бекітіліп,оның қабылдануы және орындалуыбарлық құрылым бөлімдері мен педагогикалық ұжымның, білім алушылардың қатысуымен жүзеге асырылды (хаттама № 1261.04.2015ж.).

Колледждің педагогикалық ұжымы құрған даму жоспары,стратегияға сәйкес білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мақсаты мен міндеті айқындалады.

Колледждің стратегиясы - ұйымның күшті және әлсіз жағын, қауіп пен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін тұрақты дамуға бағытталған. Шыңғырлауколледжінің миссиясы 01.04.2015 жылы №126педагогикалық кеңестің шешімімен қабылданып, оның орындалуы барлық құрылым бөлімдер мен педагогикалық ұжымның, білім алушылардың қатысуымен жүзеге асырылуда.

Миссиясы: Еңбек нарығындағы қажеттіліктерге жауап беретін, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлау. Білім беру мазмұнының жаңаруы негізінде әлемдік білім кеңестігіне қол жеткізу, ұлттық құндылықтарды игерген, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

Саясаты: Бәсекеге қабілетті, жаңа көзқарасты болашақ мамандардың оқу- интеллектуалды және үздіксіз тәжірибеге бағдарланған білім беру ортасын құруға бағытталған оқу үдерісін қалыптастыру.

Колледждің стратегиялық жоспары білім беру қызметтерінің сапалық және сандық көрсеткіштерін жақсартуға, оқытушылардың кәсіби педагогикалық біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға, білім алушылардың қажеттіліктерін ресурстық қамтамасыз етуге және қызметкерлер жұмысы мен білім алушылардың білім алуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. олар:

Мақсаттары:

  1. Қазақстандық білімнің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
  2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында үлесін арттыру.

Міндеттері:

  1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
  2. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.
  3. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.
  4. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
  5. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.

Колледждің 2015-2020 жж. арналған «Стратегиялық даму жоспарында»жоғарыда атап өткен мемлекеттік құжат толығымен басшылыққа алынған. Даму жоспарын жүзеге асырылу кезеңдерінде мына төмендегі материалдық, интеллектуалдық ресурстары арқылы 5 жылға жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы үшін жеткілікті екені дәйектеді.

Колледждің стратегиялық даму жоспарын әзірлеу үшін нормативтік негіз болып табылды:

  • Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» заңы», 2007 жылғы 27 маусым,№ 319-III;
  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  • Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген, № 1080 08.2012.ж.
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер және мамандықтар жіктеуіші;
  • «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген, 2013 жылғы 17 мамыр, № 499;
  • Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы;
  • 31 қазан 2017 жылғы №553 бұйрық бойынша, Астана «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы кәсіптік білім беру орталығының нұсқаулығы
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 31 қазан 2018 жылғы№604 – ші бұйрығы
  • Жыл сайынғы Елбасы Жолдауы.

2015 жылы колледж ұжымының көзқарасын есепке ала отырып, мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін бағалай отырып, 2015 -2020 жылдарға арналған стратегиялық колледжді дамыту жоспары қабылданды.

Стратегияны әзірлеу кезінде негізгі өндірісті дамыту және жаңа қуаттылықты енгізу есепке алынып, аймақ экономикасын дамыту үрдісі және еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігі ескерілді.

Колледждің дамуының стратегиялық бағыттары:

  • Қазақстан Республикасының қызмет көрсету, ауылшаруашылық салалары үшін білікті мамандар даярлауда танымал болу;
  • Колледждің білім беру, мәдени және әлеуметтік қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
  • Колледждің инженер-педагог қызметкерлерін кәсіби жетілдіруге және өзін-өзі танытуға, білім деңгейін арттыруға, шығармашылығын дамытуға оңтайлы жағдай жасалуын қамтамасыз ету.
  • Оқытудың заманауи технологияларын оқу үрдісіне енгізу.
  • Білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту
  • Оқу үдерісін, оқытуды ұйымдастыру бойынша әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту;
  • Ауданның және аймақтың еңбек нарығы сұранысын мейілінше толық қанағаттандыру мақсатында колледж түлектерінде кәсіптік білім деңгейі мен кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру;
  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы және салауатты өмір салты мәдениетінің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға жәрдемдесу;

Колледжді дамытудың жоғарыда көрсетілген бағыттары колледж ұжымының алдына басшылық қоятын нақты міндеттерді анықтайды, колледжішілік бақылау жоспарына сәйкес шешіледі және бақыланады. Көрсетілетін білім беру қызметін үнемі жақсарту тетіктері әдістемелік, педагогикалық кеңестерде, әр түрлі деңгейдегі жұмыс кеңестерінде колледж ұжымымен өңделеді. Колледждің Даму стратегиясы негізінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер әзірленді, олар бағыттар бойынша жоспарларды іске асыру деңгейін сипаттайды:

  • Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету
  • Инновациялық білім беру жүйесін дамыту;
  • Ауылшаруашылығы және қызмет көрсету салалары үшін бәсекеге қабілетті, тәжірибелік бағытталған мамандарды даярлау;
  • «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасына қатысу;
  • Білім беру қызметі сапасын бақылаудың заманауи механизмдерін қолдану (оқу-өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, рейтинг, мемлекеттік аттестаттау, институционалдық және мамандандырылған аккредитация).
  • ТжКБ мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бағдарламаларын дамыту саласында заманауи қоғам және әлеуетті жұмыс берушінің еңбек нарығы қажеттілігін қанағаттандыратын деңгейге жету.
  • 2020 жылға дейін кадрларды даярлауда үштілділіктің қолдану аясын кеңейу.

Колледждің одан әрі қарқынды дамуының стратегиялық шарты білім сапасы болып табылады, ол білім беру процесінің жақсы сапасына тікелей байланысты.

Білім алушылар мен оқытушылардың оқыту процесін ұйымдастыруға қанағаттануын анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізілді.

«Оқытушылардың оқыту процесін ұйымдастаруға қанағаттануы» тақырыбында өткізілген сауалнамаға колледждің 27 педагогы қатысты. (1-1 қосымша).

ИПҚ арасында өткізілген сауалнама нәтижесінде жеке біліктілікті арттыруды қажет ететіндіктерін білдірсе, колледж әкімшілігі ұсынатын мүмкіндіктерге еңбекті ұйымдастыру және жұмыс орнының жабдықталуына, басшылық тарапына, әкімшілік қызметтің қарым-қатынасына толықтай қанағаттанатынын көрсетті.

Сонымен қатар «Білім алушылардың оқыту процесін ұйымдастыруға қанағаттануы» тақырыбында өткізілген сауалнамаға колледждің 121 студенті қамтылды. (1-2 қосымша).

Сауалнама қорытындысы бойынша білім алушылар колледж өміріне, педагог қызметкерлердің кәсібилігіне, сабақ кестесінің ыңғайлылығына, теориялық және практикалық сабақтардың үйлесімдігімен толықтай қанағаттанатындықтарын жеткізген. 

Колледждің имиджін қалыптастырудың маңызды аспектісі ресми сайт болып табылады, онда колледж миссиясы мазмұнын, әрбір оқу жылына ұжымның стратегиялық даму бағыттары мен міндеттерін ашатын ақпарат көрсетілген. Осылайша, колледж миссиясының мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат студенттерге, оқытушыларға және барлық мүдделі тұлғаларға қолжетімді. Колледж тұрақты түрде көрмелерге, ашық көрмелерге, әлеуметтік желілерде, мерзімді басылымдарда жәнебасқа да бұқаралық ақпарат құралдарында ұсынылатын қызметтер туралы өтініш берушілерге, ата-аналарға және мұғалімдерге ақпарат ұсынады.

Ішкі талдау объектілері:

  • колледждің мақсаттарына қол жеткізу бойынша жұмыс нәтижелері;
  • ішкі және сыртқы аудиттің нәтижелері;
  • түзету әрекеттерінің нәтижелері;
  • колледжді дамыту бойынша құрылымдық бөлімшелердің проблемалары мен ұсыныстарын талдау және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру.

Колледждің қызметін талдау мониторинг нәтижелері, құрылымдық бөлімшелердің жылдық есептері негізінде жүргізіледі. Қолданылатын талдау әдістері:

  • сауалнама жүргізу;
  • сұхбат алу;
  • байқау;
  • құжаттаманы талдау;
  • деректерді өңдеу, талдау және түсіндіру.

Әрбір құрылымдық бөлімше сыртқы және ішкі ортаға талдау жасады. Осы талдаулардың нәтижелері колледж қызметін жалпылама талдау үшін негіз болды.Жалпыланған талдау келесі стратегиялық басқару шешімдерін анықтады.

Білім беру процесінің сапасын бақылау білім беру сапасын сыртқы және ішкі бағалау әдістерімен жүргізілетін білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде барлық деңгейде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

  • білім беру сапасын сыртқы бағалау;
  • білім сапасын ішкі бағалау лицензиялау;
  • білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
  • білім беру ұйымдарын аккредиттеу;
  • облыстық және республикалық деңгейде білім беру ұйымдарын саралау;
  • өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша пікірлер;
  • мамандық бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру.
  • колледжішілік бақылау рәсімдері
  • аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау;
  • колледж студенттерінің Білім мониторингі.

Колледждің білім беру қызметін талдау 2020 жылға арналған ағымдағы жағдайды талдай отырып, SWOT-талдау технологиясын қолдану арқылы жүргізілді және күшті жақтарды барынша дамытуға, әлсіз жақтарды барынша азайтуға, ықтимал тәуекелдерді азайтуға және қолайлы мүмкіндіктерді пайдалануға бағытталған.

Колледж басшылығы қызметкерлер мен студенттерге стратегиялық мақсаттарға жету процесіне толықтай қатысуға мүмкіндік беретін корпоративтік мәдениет пен менеджменттің ішкі ортасын қалыптастыруға ұмтылады және менеджментке қызметкерлер мен білім алушылардың максималды зияткерлік әлеуетін пайдаланып, білім беру сапасын қамтамасыз ету және жақсарту үшін, қызметтерді көрсету және мамандарды дайындау, бірліктер бойынша лауазымдық нұсқаулықтар мен нормативтік актілерді әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

Колледж білім беру қызметтерінің сапасын бақылау үшін білім беру, әкімшілік қызметтің барлық деңгейлерінде колледж қызметкерлерінің жеке жауапкершілігін белгілейді.

Колледж басшылығы осы саясатты жүргізуге дербес жауап береді және мүмкіндігінше қызметкерлер мен білім алушыларды барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді.

Қамқоршылық кеңес өз қызметін «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚРБжҒ министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады. Колледждің Қамқоршылық кеңесі алқалы басқару формаларының бірі болып табылады, кеңес мүшелері9 адамнан құралған. Өз қызметінде ол Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ колледж жарғысын басшылыққа алады. Қамқоршылық кеңесі колледж әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ведомстволармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз функцияларын орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Оқыту сапасының негізгі өлшемі теориялық білімді бекітуге бағытталған кәсіби тәжірибе, оқытудың қорытынды кезеңінде студенттердің кәсіби қызметі үшін практикалық дағдыларды, ептілікті және құзыреттілікті меңгеруге бағытталған кәсіби тәжірибе болып табылады. Қазіргі уақытта колледж 16 тәжірибе базасымен ұзақ мерзімді шарт жасасты, оның ішінде дуальды оқытуды жүзеге асыру да қарастырылған.Жалпы институционалдық аккредиттеу өлшемдеріне сәйкес Шыңғырлау колледжінің қызметін талдау нақты тұжырымдалған және құжатталған миссиялары, стратегиясы, саясаты, мақсаттары, міндеттері мен даму бағыттары бар екенін көрсетті.Олардың барлығы басшылық белгілеген даму басымдықтары шеңберінде іске асырылады, ол үшін қажетті ресурстар тартылады.Колледж басшылығы өзінің кәсіби қызметін үнемі жақсартуға және өзін-өзі дамытуға ынталандыратын, орындаушылар үшін қолайлы мақсаттар мен нақты міндеттерді қою рәсімін жетілдіруге ұмтылады.

Инновациялық режимге ену қабілеттілігінің еңбек нарығына сәйкес дамуы т.б. проблемаларды шешу бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін тиімді басқару компонненттерін түзеді.

Сонымен қатар Шыңғырлау колледжі Қазақстан Республикасының 2015-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай білім беру жүйесін жаңартып, оның құрылымын, мазмұнын жетілдіруде сапалы маман дайындап, мақсатты әрі табысты жұмыс жасауда. Оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен жұмыс ауқымы жүйеге келтірілген, ақпараттық технологиямен толық жабдықтау жұмыстары әлі де қарқынды жүргізуде. Колледж Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың - «100 нақты қадам»Ұлт Жоспарын, «Білім мазмұнын жаңартуды», «Баршаға арналған тегін кәсіптік білім» жобасы шеңберінде техникалық және кәсіптік біліммен қамту мен техникалық және кәсіптік білімнің әлеуетін арттыруды, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жұмыс істеп жатқан «Sanaly Urpaq» жобалық Кеңсесі, «Парасаттылық мектептері» жұмыстары шеңберінде, 2015-2020жылдарға арналған Шыңғырлау колледжінің «Стратегиялық даму жоспары» негізінде жұмыс жасайды. Көрсетілген салалар бойынша мамандар даярлау, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, жастардың жан-жақты дамуы үшін оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқынды жұмыс жасауда.

Стратегиялық жоспар колледждің материалдық-техникалық базасы, интеллектуалдық қорына,қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Стандарт талаптарына сай деңгейде материалдық-техникалық базаны (дәрісхана қоры, компьютерлік техниканың бар болуы, байланыс мүмкіндіктері, интернет желісіне шығу мүмкіндігі, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, спортты дамыту және т.б.) жетілдіру, барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру бағыты колледждің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бөлімдердің жұмыс жоспарларының орындалуы,ұсыныстары, толық есебі әр жыл сайын педагогикалық кеңеске ұсынылып, қорытындыланады.

Сонымен қатарколледжде «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен марапатталғанМ.В.Карпунина, 1магистр, 8 жоғары біліктілік санатты, 7 бірінші біліктілік санатты, 11 екінші біліктілік санатты педагог қызметкерлер қызмет атқаруда.

Ата-аналар мен әлеуметтік серіктестіктердің пікірі, білім алушыларға сауалнама жүргізу, оқытушылар қызметінің рейтингтік бағалануы, білім алушылардың үлгерім сапасын ішкі жиынтық бақылау нәтижесі бойынша оқу бағдарламаларын мерзімді жүйеде саралау, түлектердің қызметін жұмыс берушілердің бағалауы бойынша зерделеу, тапсырылған қорытынды аттестаттау нәтижесі – мұның барлығы пайдалы ақпаратты алу тәсілі және колледждің міндеттері мен мақсатын, миссиясының тиімділігін жүйелі түрде бағалау мақсатында және кері байланыс жасауда маңызды болып табылады. Ұжымның негізгі жұмысы білім алушылар,ИПҚ мен персоналды қажеттіліктерін қанағаттандыруына бағытталған. Олардың әлеуметтік-экономикалық, азаматтық-құқықтық мәртебесін қолдауға жағдай жасалынған.

«Тиімді басқару – еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұранысты сәйкестендіру, жұмыс берушілердің белсенділігін арттыру болып табылады». Осы орайда техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру мүмкіндігін қарастыратын болсақ:

  • түлектердің еңбекке араласу кезіндегі кездесетін қиындықтарын жеңу;
  • жалпы кәсіби құзыреттілікті бағалау және оны қалыптастыру механизмінің жедел дамуын басшылыққа алу;
  • жұмысқа орналасу проблемалары мен әлеуметтік серіктестікті дамыту аясындағы жүзеге асырылатын іс-шаралар;
  • білімді жаңғырту өзектілігі және өзін өзі басқаруды жетілдіру;
  • коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру;

Инновациялық режимге ену қабілеттілігінің еңбек нарығына сәйкес дамуы т.б. проблемаларды шешу бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін тиімді басқару компонненттерін түзеді.

Миссияның аясында колледждің басты мақсаты мен міндеттері айқындалған.

Білім беру ұйымының миссиясы, мақсаттары мен міндеттерінің тиімділігін бағалау ішкі және сыртқы сарапшылармен жүзеге асырылады.

Аталған шаралардың тиімділігін бағалау білім беру қызметін бақылау департаментінің жүргізетін лицензиялық талаптарына сәйкестігіне байланысты және мемлекеттік аттестаттау, сонымен қатар республикалық және аймақтық «WorldSklls » байқауына білім алушыларды ұйымдастырып қатынастыру .

Жыл сайын маусым айында алдағы оқу жылына білім беру қызметінің кешенді жоспарының жобасы жасалып, тамыз педагогикалық кеңесінде толықтырылып, бекітіледі. Жоспардыңнегізінде құрылым бөлімдердің жұмыс жоспарлары жасалынған:

  1. Оқу жылына арналған колледждің жұмыс жоспары.
  2. Педагогикалық кеңес жоспары.
  3. Әдістемелік кеңес жоспары.
  4. Директордың жұмыс жоспары.
  5. Директор орынбасарларының жұмыс жоспары.
  6. Оқу кабинеттерінің жұмыс жоспары .
  7. Үйірмелердің жұмыс жоспарлары.
  8. Жас педагог мектебінің жұмыс жоспары.
  9. Жастар комитетінің жұмыс жоспары.
  10. Кітапхананың жұмыс жоспары.
  11. Топ жетекшілер кеңесінің жұмыс жоспары.
  12. Медициналық кабинеттің жұмыс жоспары.
  13. Колледжішілік бақылау жұмыс жоспары.
  14. Студеттердің өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспары.

Шыңғырлау колледжі 60 жылдық тарихы бар және ауданда ғана емес, сонымен қатар облыс көлемінде жақсы пікірге ие білім беру мекемесі болып табылады. Оқу дәрісханалары мен оқу зертханаларының тәжірибелік сабақтар өткізуге жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Білім беру нарығындағы колледждің бәсекеге қабілеттілігі,көрсеткіштерімен жетістіктері сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шыққан көптеген жариялынымдар арқылы дәлелденіп отыр. Басылымда колледж білім алушылары мен оқытушылардың шығармалары жарияланып, ұсынылып отырады.

Колледждің басым бағыттары- оқытушылардың өзіндік іс-тәжірибелерін өзекті ету және өзара ынтымақтастықпен қарым қатынас жағдайында қарқынды тұлғааралық байланысты ұйымдастыру болып табылады.

Республикалық және облыстық ұйымдастырылған барлық іс-шараларға, ғылыми конференцияларға колледж оқытушылары мен білім алушылары белсене қатысады.

«WorldSkils ORAL 2019» Жыл сайын облысішілік колледждер арасында өңірлік чемпионаттар өткізіліп келеді. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың Қазан айының 12-сі Шыңғырлау колледжінің базасында «WorldSkills Kazakhstan – ORAL-2020» өңірлік чемпионатының «Кірпішті қалау» құзыретілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысушылары өз біліктіліктері бойынша бақтарын сынады. Олардың жұмыстарын арнайы эксперт мамандар саралап бағалады. «WorldSkills Kazakstan – ORAL-2020» өңірлік чемпионатына белсене қатысып, «Кірпішті қалау» құзыреттілігі бойынша жүлделі І орынды колледжіміздің студенті Кәрім Алдаберген жеңіп алды, жетекшісі өндіріс оқыту шебері Ержанов М.Н. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша колледжіміздің ІІІ курс студенті Бикитеев Амир І орынды иеленді, жетекшісі өндірістік оқыту шебері Кушелеков А.Е. «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша ІІ орынды колледжіміздің ІІІ курс студенті Кабаев Сержан қанжығасына байлады, жетекшісі өндірістік оқыту шебері Аскаров О.К. «Веб-дизайн» құзыреттілігі бойынша Сабдюшев Ильшат ІІІ орынды иеленді, өндірістік оқыту шебері Тугарисов Х.Қ. «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі» құзыреттілігі бойынша колледжіміздің ІІІ курс студенті Лукманов Еламан бақ сынап, жүлделі ІІІ орынға ие болды, жетекшісі өндірістік оқыту шебері Акбалеев О.Ж. «Кірпішті қалау» құзыреттілік бойынша колледжіміздің студенті Чеснаков Вадим ІІІ орынды жеңіп алды, жетекшісі Ержанов М.Н. «Дәнекерлеу технологиялары» және «Электр монтаждау» құзыреттіліктері бойынша колледжіміздің студенттері Ермуханов Али және Әмірғалиев Мирас IV орынға ие болып, медальонмен марапатталды, жетекшілері Курмангужиев М.Д. және Нургазиев Н.О.

Колледж облыстық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша жылда қатысып отырады, бүгінгі таңда 170 білім алушының 41-і «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» негізінде білім алуда күндізгі оқыту бөлімінде оқиды.

Колледждің жарияланған миссияны, мақсат-міндеттерді іске асыру үшін толық материалдық және интеллектуалдымүмкіндіктері бар, нарықтық сұранысқа сәйкес. Қызметкерлердің, ИПҚ, білім алушылардың өздеріне қатысты лауазымдық құқықтары мен міндеттері нақты айқындалған және миссияға жету үшін бағытталған.Материалдық техникалық база,медициналық қызмет көрсету кабинеті,асхана,кітапхана, спорт кешені,заманауи компьютерлік техника,Интернет т.б. колледж ресурстары Шыңғырлау колледжі талаптарына сай.Колледж бітірушілері ұлттық еңбек нарығы талаптарына сай болу, колледж имиджін көтеру үшін педагогикалық ұжым білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған бірнеше мақсаттар жоспарлаған.

Шыңғырлау колледжді ББҰ миссиясы, міндеттері мен даму стратегиясы туралы қоғамды ақпараттандыру бойынша саясаты әртүрлі деңгейдегі үкімет басшылығымен, өндірістік кәсіпорындардың ұжымдарымен, білім беру мекемелерімен және заңды ұйымдармен, мектептермен ақпараттық құралдар арқылы жеткізіліп отырады.

2019 жылдан бастап колледждің chingirlau-kolledzh.kz/ ресми сайты жұмыс жасайды. Сайт колледждің жұмыстарын толық сипаттап отырады. Сайт білім беру мекемелерінің электронды сайтына қойылатын талаптарға толық сай келеді. Сайтта мәліметтерді дәлелдейтін суреттер мен бейнематериалдар ұсынылады. Сайттың басты мақсаты – колледждің бірыңғай ақпараттық өрісін құру және білім алушыларды колледждің қызметі, колледж қабырғасында өткізілдлген іс-шаралар мен оқиғалар туралы сенімді, өзекті және жылдам ақпараттармен қамтамасыз ету.

Білім алушылар, педагогикалық жұмыскерлер мен әкімшілік персоналдың ББҰ миссиясы, міндеттері мен даму стратегиясы туралы арнайы дайындалып ілінген жарнамалар, топ өндірістік-оқыту шеберлерімен топ жетекшілері өткізген жиналыстарда, жастардың өзін-өзі басқару ұйымында, сондай-ақ стендтер, буклеттер, шолулар арқылы және колледжде орналасқан кең форматты мониторда жеткізіліп отырады.

Ақпараттандырудың тиімді жұмыс жасайтын механизмдері мынадай әлеуметтік желілерде қалыптасқан:

Сайт:chingirlau-kolledzh.kz

Facebook- https://www.facebook.com/profile.php?id=100030921080186сайтында

өзіндік арна жүргізеді.

Youtube:https://www.youtube.com/channel/UClWDHA52ySw0RmnlNbDADuw

 

«ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ, МИССИЯСЫ»SWOT-ТАЛДАМАСЫ

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Оқу дәрісханалары мен оқу зертханаларының тәжірибелік сабақтар өткізуге жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

2. Оқытушылар мен қызметкерлерді көтермелеу және ынталандыру шарасының болуы.

3. Ақпараттық технологиялар дамуының жоғары деңгейі (интернет, сервер , веб-сайт т.с.с.бар болуы).

4. Мамандық бойынша оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сай болуы.

5. Оқытушылардың дәстүрлі сайыстарға, өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуы.

6.Кадрлық әлеуеттің жоғары деңгейі, оқытушы құрамның жоғары дәрежелілігі.

7. Оқу өндірістік базасы, спорт кешенінің болуы.

8. Тұтынушылар талабының жоғары деңгейде қанағаттандырылуы.

9. Қаржылық тұрақтылық.

10. Еңбек нарығының талаптарына сай жоғары, кәсіби мамандардың болуы.

11.Ұжымдағы қолайлы қарым-қатынас.

12.Өңірдегі ТжКБ ұйымдарынан беделі жоғары болуы.

13.Колледж ресурстарын жоспарлау жөніндегі анық стратегияның бар болуы.

1. Оқытушылар құрамының оқу құралдарын шығаруының жеткіліксіз болуы.

2. Арнайы пән оқытушыларының шет тілін білу деңгейінің жеткіліксіздігі.

3.Мектеп түлектерін колледжде білім алуды жалғастыруға қажетті дайындық деңгейінің жеткіліксіз болуы

4.Талапкерлердің қабылдау емтиханындағы көрсеткіштерінің төмендігі.

5. Оқытудың техникалық құралдарының ескіру жылдамдығы.

6. Оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдардың сапасының төмендігі және мемлекеттік тілде аз болуы

7.Мамандығы бойынша жұмысқа орналасудың, ЖОО-на түсудің жеткіліксіз деңгейі.

Мүмкіндіктері

Сыртқы қауіптер

1. Білім алушылардың білім сапасын тұрақты түрде арттыру.

2. Колледж оқытушыларының мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мүмкіндігі.

3. Материалдық-техникалық базаны заман талабына сай одан әрі нығайту.

4. ИПК біліктілігін арттыру.

5.Техникалық және кәсіптік мамандықтарға қызығушылықтың өсуі.

6.Білімгерлердің білім сапасын тұрақты түрде арттырып отыру.

7.Білім алушылардың өзін-өзі басқару жүйесін толыққанды іске қосу.

8.Өңірдің демографиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайының өсуі.

9. Үгіт-насихат жұмыстарға БАҚ, білім алушыларды,оқытушыларды, ата-аналарды қатыстыруын жоғырылату.

10.Кәсіптік, техникалық салаға қажетті жас мамандардың өсуі.

11.Жұмыс берушілердің сапалы мамандарды дайындауға қызығушылық білдіруі.

12. Жұмыс берушілерді бірлескен оқу-білім беру бағдарламаларын жасауға қатыстыру.

1. Инфляциялық процестер әсерінен материалдық- техникалық, ақпараттық, кітапхана ресурстарының қымбаттауы.

2.Жастардың құқықтық сауаттылығының төмендігі.

3.Материалдық-техникалық, ақпараттық, кітапханалық ресурстардың тұрақты қымбаттауына әкелетін инфляциялық үрдістер.

4.Білім беру қызметтері нарығындағы бәсекелестік.

FaLang translation system by Faboba