Западно-казахстанская область, Чингирлауский район  Тел.: 8 707 000 0000

Ашық сабақтар

Шыңғырлау колледжінің оқытушылары өзге де Қазақстандық ұстаздар іспетті ҚР «Білім туралы»Заңын орындау мақсатында білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін орындау жолында ізденіспен еңбек етеді.Колледжімізде өткізілетін ашық сабақтардың өткізілу тәртібі бір жолға қойылған. Әдістемелік бірлестіктердің жылдық жоспары бойынша ашық сабақтардың өткізілу кестесі бекітіліп, кестеге сай өткізіледі.

Кәсіби құзыреттілік пен педагогикалық шеберлікті үздіксіз жетілдіру және инновациялық тәжірибелерді меңгеру үшін өзара тәжірибе алмасуға септігін тигізетін ашық сабақтар жоғары деңгейде өткізілуде. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы нәтижеге бағытталған білім беру мәселелері ұстаздарымыздың ерекше назарында.

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы студенттеріне арнайы пән оқытушысы Каланчукова А.К мен кәсіптік ағылшын тілі пәні оқытушысы Мукашева Б.Х «Тағам концентраттары» тақырыбында бинарлық сабақ өткізді

«Дәнекерлеу ісі»мамандығы студенттеріне арнайы пән оқытушысы А.Нурушев CLIL(клил технологиясы)оқыту әдісімен студенттерге қызықты да тартымды сабақтар өткізді. Қазақ тілі пәні оқытушысы А.Жоламанова «Зейнолла Қабдолов өмірі мен шығармашылығы»тақырыбында жаңа технология элементтерін қолданып сабақ өткізді.

Алғашқы әскери дайындық оқытушысы Қ.Давлетов әр сабақтарында потриоттық тәрбие мен жаңа технологияларды ұштастыра отырып, жоғары деңгейде сабақтар өткізуде.

 

FaLang translation system by Faboba