Западно-казахстанская область, Чингирлауский район  Тел.: 8 707 000 0000

Адалдық алаңы

Колледж оқушыларының Ар-намыс кодексі студенттік кеңестің жиналысында қабылданады. Кодекстің қағидалары мен ережелері топ сағаттартарда қарастырылады және колледж сайтында танысуға болады. Кодекске сәйкес білім беру процесіндегі студенттердің академиялық адалдығының негізгі қағидаттары: адалдық, ашықтық, педагогтар мен білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу болып табылады. Студенттер дәлелсіз себептермен оқу сабақтарынан босатылуына, бос жүруіне, кешігуіне және сабақ жіберуіне, басқа адамдарға сынақ немесе емтихан бағасын алу кезінде көмек көрсетуге, дайын рефераттарды, курстық, бақылау және басқа да жұмыстарды Интернет-ресурстардан немесе басқа да көздерден ұсынуға қарсы күресу қажет деп санайды. Неғұрлым жоғары баға алу үшін туыстық немесе қызметтік байланыстарды пайдалануға жол берілмейді. Оқу орнынан тыс студент оның өкілі болып табылады және колледж абыройын жоғалтпауы тиіс. Колледж фоесінде студенттердің күнделікті оқуына қажетті құралдардан тұратын «Адалдық дүкені» өз – өзіне қызмет көрсету принципі бойынша жұмыс жасап тұр. Бұл дүкенде студенттер қажет заттарын алып, алған заттарының құнын (ақшасын) сенім жәшігіне салып кетеді.

Студенттермен кері байланыс олардың колледж басшылығына, бөлім меңгерушілеріне жеке өтініштері арқылы, өндірістік оқыту шеберлері арқылы, студенттік өзін-өзі басқару арқылы жүзеге асырылады.

Жанжалды жағдайлар туындаған кезде директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік-педагог құрамында жұмыс комиссиясы құрылады. Комиссия жанжалдың себебін, мән-жайын анықтайды, дауды әділ шешуге жұмыстанады.

Директор жеке сұрақтар бойынша қабылдау кестесін жасады: студенттер мен ата-аналар үшін-күн сайын 16: 00-17: 00; ИПК үшін-күн сайын 15:00-16:00;

FaLang translation system by Faboba