Западно-казахстанская область, Чингирлауский район  Тел.: 8 707 000 0000

Өмірбаян

Жумагулов Серікбай Ермакович 1964 жылы 7 қаңтарда Шыңғырлау ауданы Чиликский совхозының (Қотантал) ауылында дүниеге келді.

Тасмола орта мектебін 1981 жылы бітіріп 1981-82 жылы армия қатарында Отан алдындағы борышын өтеді.

1984 жылы А.С Пушкин атындағы Орал педагогика институтының физика математика факультетіне оқуға түсіп 1989 жылы аяқтады.

1989 жылы өзімнің еңбек жолын Шыңғырлау ауданы Тасмола орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастады.

1995 жылы мектептің оқу ісінің меңгерушісі

1996-2010 жылдары Тасмола орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

Батыс Қазақстан облысының білім басқарамасының 2010 жылдың 16 сәуірдегі №269 бұйрығына сәйкес Шыңғырлау ауданының №7 кәсіптік лицейінің директоры болып тағайындалды. Қазіргі таңда осы оқу орнының басшысы ретінде табысты еңбек етуде.

Серикбай Ермакұлы - жоғары санатты физика және математика пәндерінің оқытушысы және басшы ретінде Қазақстанның болашағы өскелен ұрпаққа білім мен тәрбие беруде және қоғамдық жұмыстарда көптеген жетістістіктерге жетіп, түрлі марапаттауларды иеленді.

Атап айтсақ:

2003 жылы облыстық білім басқарамасының құрмет грамотасымен;

2005 жылы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен;

2006 жылы «Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының грамотасымен;

2008, 2010 жылдары аудандық білім беру бөлімінің алғыс хатымен;

2009-2010 оқу жылы ұстаз есімі облыстық білім басқармасының құрмет тақтасына еңгізілді;

2011 жылы облыстық білім басқарамасының құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Жумагулов С.Е.

FaLang translation system by Faboba